«ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау күні өткізілді

«ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау күні өткізілді

Атырау облысының Әділет департаменті халық арасында Е-Апостиль мемлекеттік қызметінің тәртібін түсіндіру мақсатында, а.ж. 10 маусым күні «ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау күні өткізілді.

Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мамандарымен «Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай - ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен өтініштердің қабылдану жолдары түсіндірілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі