«Е-заң көмегі» бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатында өткізілген онлайн семинар

«Е-заң көмегі» бойынша пилоттық жобаны іске асыру  мақсатында  өткізілген онлайн семинар

Ағымдағы жылдың 16-сәуірінде  ZOOM программасы арқылы, Әділет департаменті мен  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның өкілімен "Е-Заң көмегі" заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі–"Е-Заң көмегі" жүйесі) арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегіне (бұдан әрі–МКБЗК)  ақы төлеу тәртібін түсіндіру мақсатында,  Атырау облыстық, қалалық Полиция департаменті өкілдерімен және  облыстық Адвокаттар алқасының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокаттарына семинары өткізілді.

  Атап өту қажет, «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №1453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 10 ақпандағы №106 бұйрығына сәйкес, адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі үшін төлем бөлігінде өзгерістер қарастырылған.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, әділет органдары заңнамада белгіленген мерзімде адвокаттың тікелей банктік шотына көрсетілген заң көмегі және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу үшін төленуге жататын сомаларды аударатын болады.

Сонымен қатар, МКБЗК көрсету келісімінің нысаны да өзгертілді. Келісімдер заң көмегінің бірыңғай ақпараттық "Е-Заң көмегі" жүйесінде қалыптастырылады, тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың соңына дейін қолданылады.

Семинарда барысында «ҰАТ» өкілі А.Ж.Иманбаевамен, "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесінің негізгі міндеттері мен адвокаттар тарапынан аталған жүйеге тіркелу тәртібін, сондай-ақ   жүйесі бойынша МКБЗК көрсету туралы келісім жасасу рәсімі және қылмыстық істер бойынша адвокатты сотқа дейінгі сатыда қорғаушы ретінде тағайындау тәртібі туралы түсіндірілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі