Мемлекет пайдасына өндірілетін атқарушылық құжаттарын орындауға бағытталған рейдтік айлық акциясы

Мемлекет пайдасына өндірілетін атқарушылық құжаттарын орындауға бағытталған рейдтік айлық акциясы

Атырау облысы Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Полиция департаментімен мемлекет пайдасына ақша қаражатын өндіру туралы атқарушылық құжаттарын орындауға бағытталған өзара бірлескен іс-қимыл тәртібі туралы бұйрығы негізінде 2021 жылдың 15 наурыз-15 сәуір аралағында рейдтік бір айлық акциясы жүргізілуде.

Аталған рейдтік акциясының мақсаты- мемлекет пайдасына ақша қаражатын өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалу тиімділігі болып табылады.

Шара барысында, борышкерлердің мекен-жайларына бару, атқарушылық құжатты  орындаудан қашып жүрген  борышкерді  іздестіру, олардың  мекен-жайын  анықтау  шараларын қамтамасыз ету, борышкердің жылжитын мүліктерін автотұраққа қою бойынша шаралар жүргізілді.

Рейдтік шара басталғаннан бері  44 миллион теңгеге жуық қаражат сомасы мемлекет пайдасына өндіріліп, патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе отыра 8 автокөлік әкімшілік айыппұл төленгенге дейін көлік тұрағына қойылды.                                                                             

Рейдтік шара ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін барлық облыс аумағында жүргізілетіндігі облыс тұрғындарының қаперіне беріледі.