Құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

Құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

А.ж. 2 наурыз күні Атырау облысының Әділет департаментінде «Атырау адалдық алаңы» кеңселік жобасының топ жетекшісі, Әдеп жөніндегі уәкіл Зульмира Зульяровамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған «Ашық есік» күніне «Атырау адалдық алаңы» кеңселік жобасының топ жетекшісі Зульмирям Зульярова, Әділет департаментінің бөлім басшыларымен қатар, ауданаралық Әділет басқармалары және сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшылары онлайн түрде қатысты.

Шараның басты мақсаты – қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыруда, тұтынушыларға ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Қабылдауға күніне келген азаматтар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды. Мәселен, сот актілерін орындау, алимент өндіру мәселесімен қатар, азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты сауалдарға Әдеп жөніндегі уәкіл Зульмира Зульяровамен құқықтық кеңес берілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі