Кездесу

Кездесу

Елбасының жыл сайынғы Қазақ­стан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қыз­мет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қыз­метіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.

Осы мақсатта а.ж. 2 наурыз күні Атырау облысының Әділет департаментінің қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Салауат Мүксімовпен кездесу өткізілді.

Аталған кездесу барысында қазіргі таңда еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне енгізілген өзгерістер мен болашаққа жоспарланған мемлекеттік қызметті оңтайландыру бағытындағы өзекті мәселелерді баяндады.

Сонымен қатар, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Зульмира Зульяровамен Әдеп  кодексін сақтау мәселесіне қатысты, Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын-алуға бағытталған жұмыстардың тұрақты түрде жүргізіліп тұратындығы баяндалып өтті.

Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов Әділет департаментіндегі «ATYRAU-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысып, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі екендігін атап өтті.

Атырау облысы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі