8-наурыз халықаралық Әйелдер мерекесіне орай салтанатты жиын

8-наурыз халықаралық Әйелдер мерекесіне орай салтанатты жиын

Атырау облысы Әділет департаментінің ер-азаматтары  әділет саласының қыз-келіншектерін мерекемен құттықтады.

«Сұлулық пен нәзіктіктің иесі- әйел отбасы мен қоғамның айнасы, Отанымыздың болашағына жауапты тұлға»-деп атап көрсеткен департамент басшысы Асулан Каримов өз сөзінде, ананың рөлі, гендерлік теңдік, әйелдердің мемлекеттік қызметтегі еңбектерінің маңыздылығын атап өтіп, қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, мақтау грамоталарын табыстады.

Атырау облысы Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі