Атырау облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен дөңгелек үстел өткізілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен  дөңгелек үстел өткізілді.

Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі З.Б.Зульяровамен департамент және ауданаралық әділет басқармалары мен департаменттің сот актілерін орындау бойынша филиалдары қалалық және ауданаралық аумақтық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысуымен Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтау туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Әдеп уәкілімен мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде және қызметтен тыс уақытта да әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс екендігі туралы және әлеуметтік желілерге фотосуреттері мен бейнежазбаларды салмау туралы, адамгершілік қасиеті және кәсіби деңгейіне мұқият көңіл аударып, мемлекеттік қызметшіге сай емес қылық пен әдепсіздікті болдырмауға, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына қатты көңіл бөлу керектігін атап көрсетті.

Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн деп дөңгелек үстелді қорытындылап департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл жабық деп жариялады.

 Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі