«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін болдырмау және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін болдырмау және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу» тақырыбында семинар-кеңес  өткізілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5 ақпанында департамент басшысының төрағалығымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін болдырмау және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу» тақырыбында семинар-кеңес  өткізілді.

Семинар-кеңеске департамент басшысының орынбасарлары, департаменттің және ауданаралық әділет басқармаларының, департаменттің сот актілерін орындау бойынша филиалдары аумақтық бөлімдерінің  басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл З.Б.Зульяровамен және Әкімшілік бөлімінің бас маманы Б.Е.Сапановамен баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар ҚР Әділет министрлігі Кадр қызметі департаментінің 2020 жылы әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға жасалған талдауымен таныстырылды.

 Семинарды департамент басшысы мемлекеттік қызметкер жемқорлыққа жол бермей, сыбайлас жемқорлықпен күресіп, әділдік пен ақиқаттық ұстаныммен мемлекеттің беделін асқақтатып, республикамыздың, отанымыздың болашағы үшін адал қызмет етуі керектігі және мемлекеттік қызметшіге сай емес қылық пен әдепсіздікті болдырмауға, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына қатты көңіл бөлу керек деп аяқтады.      

 

Атырау облысы әділет департаментінің

баспасөз қызметі