Атырау облысының Әділет департаменті 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

Атырау   облысының Әділет департаменті  2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

         2021 жылдың 5 ақпан күні Департамент басшысы Асулан Каримовтың төрағалығымен, Әділет департаментінің 2020 жылы жұмыс қорытындысы және 2021 жылға қойылған басым міндеттері бойынша алқа отырысы өткізілді.

         Шараға департаменттің бөлім басшыларымен,  ауданаралық Әділет басқармаларының және ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшылары қатысты.

Алқа отырысы барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқа отырысындағы басым бағыттарын басшылыққа ала отырып, Әділет департаменті басшысының орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалып, онда Әділет департаментімен 2020 жылы атқарылған қызметтің жетістіктері баяндала отырып, проблемалық мәселелері талқыланды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Департаменттің алдағы кезеңдегі қызметіндегі міндеттері мен басымдығына сәйкес қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Заңдарына сай уақтылы әрі сапалы жұмыс атқаруға және алда тұрған міндеттер жайында нақты тапсырмалар берілді.

Атырау облысы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі