Атырау облысы Әділет департаменті 2020 жылғы атқарған жұмысын қортындылады

Атырау облысы Әділет департаменті  2020 жылғы атқарған жұмысын қортындылады

2021 жылдың 27-қаңтарында Атырау облыстық Орталық коммуникациялар қызметінде, облыстық БАҚ өкілдерімен баспасөз-конференциясы ұйымдастырылып, онда Әділет департаментінің басшысы Асулан Каримов  әділет органы қызметінің басты бағыттарына тоқтала отырып, Әділет департаментінің 2020 жылы атқарған жұмысы баяндалды және де әділет органы қызметінің негізгі бағыттары бойынша заңға  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Баспасөз-конференциясында, Департамент басшысымен атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АИС ОИП) бағдарламасына енген жаңа жүйе бойынша, сонымен қатар қызметкерлерге  еңбек ақы төлеудің жаңа бағытына енгізілген  өзгерістерді баяндай отырып,   2021 жылға жоспарланған негізгі міндеттерді айқындады.

 

 

Атырау облысы Әділет

Департаментінің баспасөз қызметі