21 желтоқсан күні ҚР Әділет Вице-министрі Ахметова Ақерке Естайқызы іс-сапарымен Атырау облысында болды.

21 желтоқсан күні ҚР Әділет Вице-министрі Ахметова Ақерке Естайқызы іс-сапарымен Атырау облысында болды.

21 желтоқсан күні ҚР Әділет Вице-министрі Ахметова Ақерке Естайқызы іс-сапарымен Атырау облысында болды. Сапар аясында Әділет департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

         Кездесуде Вице-министр Мемлекет басшысының биылғы жолдауындағы  мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесіне сәйкес, факторлық-балдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің тиімділігі жөнінде, сондай-ақ атқару өндірісіндегі алимент пен жалақыны өндіріп алу бойынша атқарушылық құжаттарды орындаудың маңыздылығы атап өтіліп, жеке және заңды тұлғалардан негізделген шағымдарды болдырмаудың алдын-алу бағытындағы  ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар, Вице-министр Ақерке Естайқызы,  Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының қызметкерлерімен өткізген кездесу барысында, институттың күнделікті жұмыс бағытымен танысып, елімізде Төтенше жағдай орын алғаннан бері пандемия індетіне қарсы тұрып, ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Сот сараптамалары институтының қызметкерлерінің жұмыстарына алғысын білдірде отырып, сарапшыларының жалақысын көтеру мәселесін атап  өтті.

 Сондай-ақ, Президент  жолдауында көзделген денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу бағыты бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-сапар барысында Әділет Вице-министрі облыстық Адвокаттар алқасы, Нотариаттық, Заң кеңесшілер және Жеке сот орындаушылар палатасы төрағаларымен кездесіп, адвокаттық және нотариалдық қызметтегі  қолданыстағы заңнамаға алдағы уақытта енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, заңнама шеңберінде бірге қызмет атқаруға шақырды.

 

 Атырау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі