Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Ана тілім – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шараға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тілін құрметтеуді насихаттау және мәдени құндылықтарды дәріптеу.
Мерекелік шара барысында қатысушылар тілдің ұлт болмысын қалыптастырудағы рөліне тоқталып, қазақ тілінің қоғамдағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ана тілін ардақтау, тіл тазалығын сақтау және мемлекеттік тілді күнделікті қолданыста кеңінен пайдалану қажеттігі айтылды.
Әділет департаментінің қызметкерлері де мемлекеттік тілге деген құрмет пен жауапкершілікті білдіріп, тағылымды шараның өтуіне белсене атсалысты.
Ана тілі – ұлттың айнасы, елдің рухани тірегі. Тілді құрметтеу – ұлттық құндылықты құрметтеу!