2 қыркүйек күні Отбасын қолдау орталығында «Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаменті мамандары және нотариус, адвокат, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасындағы қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету жолдарын талқылау.
Кездесу барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептері, оның отбасы мүшелерінің психологиялық және әлеуметтік жағдайына әсері, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеуге бағытталды.