РЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

РЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Атырау облысы Әділет департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының мамандарымен бірлесіп, ресми құжаттарға апостиль қою мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Бақылау және сапа басқармасының басшысы А. Исатай, оқыту жөніндегі бас сарапшы М. Құдайбергенова, №2 ХҚКО бөлімінің реттеу залының басшысы Н. Исаева және №2 ХҚКО бөлімінің бас маман-менторы Б. Ілиясова қатысты.
Кездесу барысында апостиль қою тәртібі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ осы салада заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.
Қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша тәжірибе және пікір алмасты, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мамандардың кәсіби біліктілігін одан әрі арттыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.