Жаңа Конституцияның жаңашылдықтары түсіндірілді

Жаңа Конституцияның жаңашылдықтары түсіндірілді

Атырау облысы Әділет департаментімен Мақат ауданының мемлекеттік қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жаңашылдықтары және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында Конституцияға енгізілген жаңашылдықтардың мәні мен маңызы түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды.
Шара соңында қатысушылар тарапынан өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, заңнаманы бірізді қолдану, құқықтық қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.