🔹2026 жылғы 1 шілдеде Атырау облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У.Кыстаубаева қатысты.
Кеңес отырысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері қаралды.
Іс-шара барысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері аталған бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, өзара іс-қимылды күшейту және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар әйелдердің құқықтарын қорғау және отбасылық әл-ауқатты арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.