🔹30 маусым күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңашылдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
✅Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын кеңінен түсіндіру, олардың құқықтық мемлекет құрудағы рөлін талқылау және азаматтардың құқықтық сауттылығын арттыру болды.
✅Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға конституциялық реформаларға арналған бейнематериалдар көрсетіліп, сала мамандары мен баяндамашылардың мазмұнды баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, Конституцияға енгізілген жаңашылдықтардың қоғам өміріндегі рөлі, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі әсері жан-жақты талқыланды.