Қосшағыл ауылында азаматтарды қабылдау

Қосшағыл ауылында азаматтарды қабылдау

🔹2026 жылғы 29 маусымда Жылыой ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы К.О. Мухитова Қосшағыл ауылында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету бойынша қабылдауға қатысты.
Іс-шараға нотариус, жер қатынастары бөлімі мамандары және «Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметкерлері қатысты.
Қосшағыл ауылдық мәдениет үйінде өткен қабылдау барысында тұрғындарға атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызметтер, жер қатынастары және өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың сұрақтарына заң аясында жауаптар берілді.