🔹2026 жылғы 26 маусымда Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М. Музатованың бастамасымен «Құқықтарды ұжымдық басқару саласы және Бірыңғай цифрлық платформа» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
🔹Іс-шара барысында Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу, тіркеу және пайдалану тәртібі түсіндіріліп, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
🔹Негізгі баяндаманы Ұлттық зияткерлік меншік институты жанындағы Зияткерлік меншік құқықтары орталығы басшысының орынбасары Қабдулин Ильяс Серікович жасап, платформаның мүмкіндіктері мен жұмыс істеу қағидаттарын таныстырды.
✅Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар, кинотеатрлар және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.