#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында «Көктем» сауда үйінің алаңында «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Іс-шараға Департамент басшысының міндетін атқарушы М.А. Музатова қатысты.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету.
Іс-шара барысында тұрғындарға атқарушылық іс жүргізу, банктік шоттарға тыйым салу және оны алып тастау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй, отбасы және еңбек қатынастарына қатысты құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Сонымен қатар, азаматтарға Әділет министрлігінің цифрлық сервистері таныстырылды. Атап айтқанда, құқықтық кеңес алуға арналған жасанды интеллект негізіндегі чат-бот және «AdiletGov» мобильді қосымшасындағы «Тараптардың кабинеті» сервисі туралы ақпарат берілді.