ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

⚜️ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ⚜️
23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбегі мен адал қызметіне құрмет көрсетілді.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Г. Кыстаубаева және мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер және полиция қызметкерлері қатысып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосып жүрген үлестері атап өтілді.
Салтанатты жиын барысында полиция қызметкерлеріне кәсіби міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы еңбектері үшін алғыс білдірілді