2026 жылғы 21 маусымда Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г. Кыстаубаева және департамент қызметкерлері облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, құқық саласында жарты ғасыр бойы жемісті еңбек етіп, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету ісіне өлшеусіз үлес қосқан Роза Мамышқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Мама Роза» атты театрландырылған қойылымға қатысты.
Мерейтойлық кеш барысында Роза Мамышқызының құқықтық тәртіпті нығайтуға, заңдылықты қамтамасыз етуге және өңірдің құқықтық жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді. Оның көпжылдық мінсіз еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі, адалдығы мен азаматтық жауапкершілігі мемлекеттік қызметшілер мен жас буын үшін өнегелі үлгі ретінде көрсетілді.
Театрландырылған қойылымда мерейтой иесінің өмір жолы, кәсіби қызметі және қоғам алдындағы сіңірген еңбегі көркем түрде бейнеленіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Қойылым арқылы әділдік, заңға құрмет, қызметтік борышқа адалдық, жауапкершілік пен адамгершілік сияқты құндылықтардың маңызы кеңінен насихатталды.
Департаменттің ұсынысы негізінде Роза Мамышқызы «Қазақстанның Алтын кітабына» енгізіліп, шара барасында мерейтой иесіне аталмыш кітап табыс етілді.
Аталған шара мемлекеттік қызметшілер арасында кәсіби этика, адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, еңбек адамына құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық мемлекеттің құндылықтарын ілгерілетуге өз үлесін қосты.