«Әке – отбасының тірегі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

«Әке – отбасының тірегі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

2026 жылғы 19 маусымда Әкелер күні мерекесіне орай Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.А. Музатованың төрағалығымен «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы әке мәртебесін көтеру, отбасы тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін арттыру және ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын насихаттау.
Семинарға «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасының авторы Шота Қуанышұлы Қанатов, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы Мартагүл Төлеуқызы Қанатова, сондай-ақ департамент қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар әкенің бала тұлғасының қалыптасуындағы, оның тәрбиесі мен рухани-адамгершілік дамуына ықпал етудегі маңызды рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпаққа өнеге болу, жауапкершілік пен үлгі көрсету мәселелері кеңінен талқыланды.
Семинар қорытындысында отбасы институтын нығайтуда және жас ұрпақты тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше маңызға ие екендігі атап өтілді