Аты⚜️рау облысы Әділет департаментінде «Әдеп сағаты» өткізілді⚜️
2026 жылғы 18 маусымда Атырау облысы Әділет департаментінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Меруерт Мұзатованың қатысуымен «Әдеп сағаты» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары әдеп мәдениетін қалыптастыру, қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыру.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік тәртіпті күшейту, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қызметкерлерге әдеп нормаларын қызметтік міндеттерін атқару кезінде ғана емес, қызметтен тыс уақытта да сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шара аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын сақтауына, қызметтік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.