«Өзгерістер дәуірі : Әйел капиталы» атты өңірлік конгресс өтті

«Өзгерістер дәуірі : Әйел капиталы» атты өңірлік конгресс өтті

2026 жылдың 18 маусымында Атырау облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің «Өзгерістер дәуірі : Әйел капиталы» атты өңірлік конгресс өтті.
Аталған конгресс әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, олардың экономикалық белгенділігін арттыруға және қоғамдағы көшбасшылық рөлін нығайтуға бағытталды.
✅Іс-шара барысында еліміздің белсенді, іскер және көшбасшы әйелдері бас қосып, кәсіпкерлікті дамыту, тәжірибе алмасу, өңірлік экономиканы қолдау және өзекті мәселелерді талқылау бойынша пікір алмасты.
Конгресс аясында Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлеріқатысушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде зияткерлік меншік обьектілерін қорғаудың маңыздылығы, тауар белгілерін тіркеу тәртібі, географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау тетіктері, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуының алдын алу мәселелері түсіндірілді.