⚜️2026–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 17-тармағын іске асыру аясында мемлекеттік қызметші мамандығын насихаттау мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1-курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттер департаменттің қызмет бағыттарымен, құрылымдық жүйесімен және күнделікті жұмыс тәртібімен танысты. Департамент қызметкерлері жастарға әділет органдарының қызметі, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар және заң саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы мазмұнды ақпарат берді.
Сондай-ақ, студенттерге заң клиникасының қызметі, оның негізгі бағыттары мен азаматтарға көрсетілетін құқықтық көмек түрлері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Олардың құқықтық тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында заң клиникасының қызметіне белсенді қатысуға шақырылды.
Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызын кеңінен түсіндіріп, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға ықпал етуге бағытталды.