#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Атырау облысы бойынша Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 5 мамырында Атырау облысы Әділет департаментінің қатысуымен Жайық жағалауында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ атқарушылық өндірістер бойынша берешегі бар борышкерлерді жұмыспен қамту болды.
Жәрмеңке аясында жұмыс іздеушілерге жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары таныстырылып, жұмысқа орналасу тәртібі бойынша кеңестер берілді және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.