⚜️Атырауда мемлекеттік қызметшілер арасында интеллектуалды QUIZ сайысы өтті⚜️
2026–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні» аясында мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен оларға қарасты ведомстволық бағынысты мекемелердің қызыметкерлері арасында интеллектуалды байланысты нығайту, құқықтық және кәсіби сауаттылықты арттыру, өзара іскерлік ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында «ЗАҢ. ЛОГИКА. БӘСЕКЕ» атты интеллектуалды QUIZ сайысы өтті.
Аталған сайысқа Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жоғары азаматтық ұстанымдарын танытты. Командалық жұмыс пен білім деңгейінің нәтижесінде «Әділет» командасы үздіктер қатарынан көрініп, ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.
Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында кәсіби қарым-қатынасты нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге өз үлесін қосады.