«БІЗГЕ КЕРЕГІ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» атты интеллектуалдық-танымдық QUIZ сайысы өтті

«БІЗГЕ КЕРЕГІ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» атты интеллектуалдық-танымдық QUIZ сайысы өтті

⚜️2026–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтарға сәйкес қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын нығайтуға бағытталған іс-шара өткізілді.
Осы орайда, 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы қолдау аясында Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «БІЗГЕ КЕРЕГІ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» атты интеллектуалдық-танымдық QUIZ сайысы өтті.
Аталған сайысқа Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлері белсенді қатысып, жоғары азаматтық ұстаным танытты. Нәтижесінде «Әділет» командасы алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, заң үстемдігі қағидаттарын дәріптеуге және жастар мен мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты нығайтуға бағытталды.