«Құқықтық көмек» жобасы

«Құқықтық көмек» жобасы

🔹2026 жылдың 26 мамырында Махамбет ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушы А.Б. Утеулиева Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында «АМАНАТ» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясындағы мобильді қоғамдық қабылдауға қатысты.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындарға шоттарға тыйым салу және оларды бұғаттау(бұғаттан шығау) мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.