✅ШеберFEST – 2026 халықаралық қолөнершілер фестивалі Атырауда жоғары деңгейде өтті. Ұлттық өнер мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 100-ден астам шебер қатысты.
Фестиваль аясында қонақтарға 2000-ға жуық авторлық туынды ұсынылды. Көрмеде зергерлік бұйымдар, киізден жасалған қолөнер өнімдері, ұлттық музыкалық аспаптар, этнодизайн және дәстүрлі сән үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.
✅Іс-шара барысында Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы А.Иманбаева қатысып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, авторлық өнімдерді заң аясында тіркеу және ұлттық брендтерді дамыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық өнімдер жәрмеңкесі, этно-дефиле және мерекелік гала-концерт фестивальдің сәнін арттырды.
✅Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттап, қолөнер шеберлерінің шығармашылығын қолдау және мәдени байланыстарды нығайту.