🌸 «ӘЙЕЛ POWER: отбасыға тірек, қоғамға серпін» 🌸
16 мамыр күні Халықаралық отбасы күні мен Аналар күніне орай «Жарқын ЖанҰя» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ерекше форматтағы CREATIVE FACILITATION іс-шарасы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдердің ішкі әлеуетін ашуға ықпал ету, олардың өз өміріне саналы көзқарасын қалыптастырып, болашаққа деген сенімі мен мотивациясын арттыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар эмоционалдық ашылу, өзара қолдау атмосферасы, терең рефлексия және болашаққа бағытталған креативті практикалар арқылы өз өміріне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік алды. Ашық диалог пен еркін пікір алмасу алаңы аналардың өзара тәжірибе бөлісіп, рухани қолдау сезінуіне жағдай жасады.
Кездесуді фасилитатор, тренер Асқар Секербаев жүргізіп, интерактивті форматтағы тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырды. Практикалық тапсырмалар қатысушылардың белсенділігін арттырып, ішкі ресурсын тануға бағытталды.
Шараға Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Замзагүл Хиданқызы Жалмурзина қатысып, аналарды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде отбасы институтының қоғамдағы рөліне тоқталып, әйелдердің қоғам дамуындағы маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, Атырау облыстық Әділет департаментінің өкілі Анар Аманжановна Даулетьярова құқықтық бағыттағы пайдалы ақпараттар ұсынып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Осындай кездесулер әйелдердің өз күшіне деген сенімін нығайтып, өмірге жаңа серпінмен қарауына мүмкіндік береді. Әйелдің рухани және әлеуметтік әлеуетін қолдау – қоғамның тұрақты дамуының маңызды кепілі.
🌷 Әйел — отбасының тірегі, қоғамның қозғаушы күші.