Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Г.У. Кыстаубаева «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» ұйымдастыруымен өткен «Кедергісіз келешек» жобасы аясындағы «Балалар мейірім аясында» атты рухани кездесу кешіне қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ инклюзивті орта қалыптастыруға қоғам назарын аудару.
Сондай-ақ, шараға Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.Н. Казиев қатысып, ата-аналар мен қатысушыларға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Кездесу барысында тегін заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санаты, құқықтық кеңес алу тәртібі және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері түсіндірілді.