«Әділет органдарының ашық есік күні» өткізілді

«Әділет органдарының ашық есік күні» өткізілді

2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалдың №1ХҚКО «Әділет органдарының ашық есік күні» өткізілді.
Аталған ашық есік күні – тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы құқықтық кеңес берудің жарқын үлгісі. Аталған іс-шара халық құқықтық сауаттылығын арттыруға және қолданыстағы Заңнама талаптарын кеңінен түсіндіруге бағытталған.
Ашық есік күнінден Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаева тұрғындармен тікелей жүздесіп, олардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Атырау қаласының прокуратурасы, Атырау облыстық полиция департаменті, кірістер басқармасы, білім беру басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, тұрғын үй, жер қатынастары бөлімінің өкілдері, жұмыспен қамту бөлімдері, Отбасы банкі мамандары, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылары мен «Halyk Bank» филиалы тұрғындарға жан-жақты құқықтық кеңестер ұсынды.
Тұрғындар өздерін толғандарын мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті жауаптар алып, заң аясында әрекет етудің тиімді жолдарымен танысты. Әсіресе азаматтардың есепшоттың бұғатталуы, әлеуметтік, тұрғын үй, отбасы және еңбек қатынастарына қатысты сауалдарына жауап беріліп, қолданыстағы Заңнама талаптарына сәйкес түсініктеме берілді.
Азаматтардың құқықтық ақпаратқа қол жетімділігін арттыру және цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған «AdiletGov» қосымшасындағы «Тараптар кабинетінің» жұмысы насихатталды.