«Мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді

«Мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді

🔹2026 жылдың 13 мамырда департамент басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.У. Кыстаубаеваның төрағалығымен «Мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың идеологиясы мен ықпалының алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру және қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Семинарға Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері полиция капитаны Өмірбек Нұралыұлы Шайпеденов және Олжас Мәдениетұлы Сдыхов пен Атырау облысы Діни басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» бөлімінің басшысы Бейбіт Табарак және департаменттің барлық қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Ө.Н. Шайпеденовпен, О.М. Сдыховпен және Б. Табаракпен мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың идеологиясы мен ықпалының алдын алу мақсатында тереңдетілген түсінік жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлермен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.