Ақша қаражаттарын тәркілеу

Ақша қаражаттарын тәркілеу

⚜️Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының мемлекеттік шекарадан өту кезінде декларацияланбаған ақша қаражаттарын тәркілеу туралы қаулылары орындалды.
Сот актілеріне сәйкес, құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Мемлекет кірісіне:

• 683 еуро;
• 26 390 АҚШ доллары;
• 151 075 ресей рублі;
• 850 түрік лирасы;
• 269 әзербайжан манаты тәркіленді.
Тәркіленген ақша қаражаттары заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тапсырылды.
Атқарушылық құжат толық көлемде орындалып, мемлекет кірісіне өндірілген ақша қаражаттары тиісті шоттарға аударылды.
Мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі азаматтарға мемлекеттік шекарадан өту кезінде кедендік және әкімшілік заңнама талаптарын, оның ішінде қолма-қол ақша қаражаттарын декларациялау қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.