#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Атырау облысы Әділет департаментінің «Азаматтарды қабылдау орталығында» Департамент басшысы Г. Кыстаубаева борышкерден алимент өндіріп беру бойынша және Департамент басшысының орынбасары М.Музатова заңды тұлғаларды тіркеу мәселесі бойынша жүгінген азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға жүгінген азаматтарға қолданыстағы Заңнамаға сәйкес түсіндірме беріліп, қойылған сұрақтар бойынша құқықтық кеңестер ұсынылды. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданатыны жеткізілді.