Атырау облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас мамандары Б.Е.Сапанова мен Ф.Қ.Қалиева Каспий өңірінің көпсалалы жоғарғы колледжінің студенттеріне «Мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі» бойынша шара өткізілді.
Шараның мақсаты – жаңадан бітіргелі тұрған студенттерге мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру, біліктілік қабілеттерін дамыту жолдары туралы ақпарат беру және болашақ жас мамандарға бағыт-бағдар көрсету болады.
Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік қызмет жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты.