Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі №237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А. Анжанова «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық балалар ауруханасы» КМҚК медицина саласының мамандарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі ережелері, оның басты құндылықтары мен құқықтық мемлекетті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормалары түсіндірілді.
Сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру және заңнаманы сақтау бойынша әркімнің жеке жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қатысушыларға конституциялық қағидаттарды және олардың күнделікті қызметтегі практикалық қолданылуын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.