«Karabatan Utility Solutions» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі №237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Музатова М. «Karabatan Utility Solutions» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның негізгі ережелері, оның басты құндылықтары мен құқықтық мемлекетті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормалары жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға және әрбір қызметкердің заңнаманы сақтау жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың конституциялық қағидаттарды түсіну деңгейі артты.