4 мамыр 2026 жылы «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбында фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша 10-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері арасында республикалық байқаудың бірінші кезеңі өтті.
Байқауға әртүрлі жас санатындағы қатысушылар өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылардың жұмыстары тақырыптың орындау шеберлігі және шығармашылық ерекшелігі: тақырыпқа сәйкестік, жаңалығы мен өзектілігі, мазмұндылығы, бірегейлік және креативті қөзқарас, үйлесімдердің гармониялығы, образдың тұтастығы бойынша бағаланды.
Іс-шарада арнайы құрылған комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстарды әділ бағалады. Комиссия құрамынАтырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г. Кыстаубаева төрағалығымен,Атыраудың белгілі «ElZAART» сән үйінің бас дизайнері Қ.Э. Қайыржанқызы, А.Чехов атындағы №14 мектеп көркем еңбек және «My school» өнер мектебі үйірмесінің мұғалімі Е.А. Ерболұлы және Н.Тлендиев атындағы мектеп-гимназия-интернатының сурет және майлы бояу мамандығының мұғалімі Р.Е. Кулшигаева құрады.
Байқау қорытындысы бойынша «ең әдемі дизайн киімі» деп танылған және 1-орын иеленген Хасан Арайлым Мақсотқызы, 2-орынСерік Милана Мұратқызы, 3-орын Ғайнеш Аяна Бауыржанқызы Департамент басшысы дипломымен марапатталып, қалған қатысушыларғаалғыс хаттар табыс етілді.
Аталған байқау жас дарындарды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік берді.
#антиконтрафакт2026