2026 жылдың 30 сәуірінде Департамент басшысы, Әдеп женіндегі уәкіл Г.У. Кыстаубаеваның төрағалығымен «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру, басқару және өткізу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Департамент қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету қабілетін арттыру, үйлестіру мен жауапкершілікті күшейту.
Семинарға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Жумекешов Азамат Алпамысұлы мен департаменттің барлық қызметкерлері қатысты. Семинар барысында А.А. Жумекешовпен төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету, үйлестіру мен жауапкершілік туралы тереңдетілген түсінік жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлермен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.