Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
🔹Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Атырау облысы Әділет департаменті жұмыссыз жастарды, NEET санатындағы азаматтарды және жұмыс іздеуші тұлғаларды қолдау, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей өзара іс-қимылды жолға қою мақсатында ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қатысты.

✅Іс-шара аясында келушілерге өңірдегі жұмыс берушілер ұсынған өзекті бос жұмыс орындары таныстырылып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар беріліп, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді, сондай-ақ кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

✅Осындай іс-шараларды өткізу халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, жұмыссыздықты азайтуға және жұмыс берушілер мен жұмыс іздеуші азаматтар арасында тікелей диалог орнатуға тиімді алаң қалыптастыруға ықпал етеді.