Атырау облысы Әділет департаментінде жеке сот орындаушыларының қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған жиын өткізілді
Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаеваның төрағалығымен, Атырау облыстық жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының басшсы С.Б. Тұрғаринның және жеке сот орындаушыларының қатысуымен жиын өткізілді.
Жиынның негізгі мақсаты – жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) байланысты азаматтардың өтініштеріне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру және шағымдар санын азайту мәселелерін қарастыру болды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде азаматтардың өтініштерінің 42%-ы тікелей жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне байланысты екені анықталды. Негізгі себептердің қатарында кері байланыстың жеткіліксіздігі, берілетін ақпараттың толық болмауы және түсініксіздігі, сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімдердің сақталмауы бар.
Талқылау барысында өтініштер санының артуы көп жағдайда азаматтардың жеткілікті түрде ақпараттандырылмауымен және берілген жауаптардың түсінікті болмауымен байланысты екені атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар әзірленді:
халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру, барлық атқарушылық әрекеттер бойынша уақтылы және түсінікті хабарламалар беруді қамтамасыз ету;
eGov Mobile сервистері және банк жүйелері арқылы автоматты хабарламаларды енгізуді кеңейту;
борышкерлерге қатысты шектеулерді алу рәсімдерін жеңілдету және жеделдету;
халықпен кері байланыс арналарының санын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, «Тараптар кабинетінің» белсенділігін күшейту;
азаматтарға берілетін жауаптардың сапасын арттыру, қарапайым әрі түсінікті тілді қолдану;
халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Жиын соңында қатысушылар осы ұсынымдарды кезең-кезеңімен іске асыру жеке сот орындаушыларының қызметінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтық жүйеге деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.