ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Атырау облысы Әділет департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша № 1, № 2 және № 3 филиалдарының басшылары мен қызметкерлеріне құжаттарды апостильдеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара «Әділет органдарының азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан және нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбына арналды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға апостиль қоюға жататын құжаттарды ұсыну және рәсімдеу талаптары түсіндіріліп, оларды дұрыс ресімдеу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар электрондық апостильді енгізу мәселелеріне және оның артықшылықтарына, соның ішінде оны алудың қолайлылығы мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің қысқаруына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.