Атырау облысының нотариаттық палатасында Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен нотариустардың қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру.
Семинар барысында нотариустарға аталған Заң нормаларын қолдану практикасы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, нотариат саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар пікір алмасты.