АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ

Атырау облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Департамент басшысының орынбасары М.А. Музатованың қатысуымен «Азаматтардың құқықтарын қорғаудағы әділет органдарының рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
⚜️Іс-шара Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылып, мемлекеттік тілде іс жүргізудің нормативтік-құқықтық негіздерін түсіндіруге, ресми құжаттарды сауатты әрі бірізді рәсімдеу дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауда әділет органдарының рөлін арттыруға бағытталды.
⚜️Семинар барысында қызметкерлер орфоэпия және орфография бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстерге қатысты.
⚜️Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.