Атырау облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен Әдеп сағаты өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен Әдеп сағаты өткізілді

Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі З.Б.Зульяровамен департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлері және Атырау қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің сот орындаушыларының қатысуымен мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті туралы кейбір мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі бойынша әдептілік сағаты өткізілді.

Әдеп уәкілімен мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде және қызметтен тыс уақытта да әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан сынға түсетін мақалалар немесе фотосуреттер жариялауға, эмоцияға жол беріліп жағымсыз комментарийлер қалдыру немесе мемлекетте жүргізіліп жатырған саясатқа қарсы пікірлер жазуға мүлдем болмайтыны туралы және мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық кө ріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол берілмеу туралы түсіндірілді.