Атырау қаласының аумақтық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде сот қаулысы негізінде құқық бұзушы С.О.-ға қатысты үй жағдайында жабайы жануар «Графиния» атты питонды рұқсат құжаттарынсыз ұстағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Анықталғандай, құқық бұзушы салмағы шамамен 30 кг, ұзындығы 3–3,5 метр болатын питонды заңсыз ұстаған, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзу болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заты болып табылатын «Графиния» атты питон заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне тәркіленді.