Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Атырау облысы Әділет Департаменті қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Әділет министрлігінің 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде Атырау қалалық Орталық кітапханасында мемлекеттік тілді дамыту бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, кітапхана көрмесімен танысты.